Өң мен түс – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Өң мен түс» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 985
Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем,
Өңімде көше кезіп жаяулаймын.
Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем,
Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.
Түсімде Бауыржандай батыр-ақпын,
Жауларды топырлатып түйдек қырған.
Өңімде нәп-нәзік бір жапырақпын
Самалға есі қалмай билеп тұрған.
Түсімде аумай тартқан Абай болам,
(Бұл көңіл қашпақ емес алайда одан).
Өңімде өлең келмей, ал ойланам,
Абайдай қалай болам, қалай болам?
Түсімде тарқамайды ән-думаным,
Кеудемнен кетпейді бір көл менен құс.
Өңімде жеткізбейді ал қуғаным,
Кетеді адастырып өң менен түс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өң мен түс өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Өң мен түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өң мен түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаухан Нәкенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өң мен түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері