Бұл бетте «Қанден мен Төбет» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.04.2019
0
0
3005
Қанден айтты Төбетке:
— Ұқсамайсың сен итке!
Келген жұртқа үрмейсің,
Бөгде жанды көрмейсің.
Жүрексізсің, қорқақсың,
Ебедейсіз, шорқақсың!—
Төбет айтты Қанденге:
— Бұлай деп сен бәлденбе!
Жағыңды бір жаппайсың,
Бірақ жанды қаппайсың!
Сырыңды жұрт біледі,
Сондықтан да күледі.
Өтпепті ғой өзіңе
Крыловтың сөзі де!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі