Бұл бетте «Түйе мойнын тұз кесер» атты Ақтамберді жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.11.2015
0
5
28978
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұландап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер!
Серікбай
өте жақсы
Самат
Керемет кыска болса да
Ақымбеков Қайыржан
Мағыналары керемет сипаттайды
Диана
Оте жаксы
Алмат
Супер