Уа, Қарт Бөгенбай! – Ақтамберді жырау

Бұл бетте «Уа, Қарт Бөгенбай!» атты Ақтамберді жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 3
  • 25098
Уа, Қарт Бөгенбай!
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа.
Пенденің бағы ашылмас,
Мандайы қалың сорласа.
Дұшпан қорлап не қылмақ,
Бақыт басқа орнаса!
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес,
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес,
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес!
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл отпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес?!
Елінді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш!..


Пікірлер (3)

Аяулым Тұрарова

Керемет! Жарайсыз????

Мағжан

Айтып кетіптіғой кезіндее

Аружан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері