Әкеме
Бұл бетте «Әкеме» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Өте тамаша өлең!
Өте тамаша ,жақсы,мән-мағынасы бар өлең екен .
керемет
Оте жаксы
ПАЙ - ПАЙ шіркін неткен ғажап өлең дерсің.
Фариза біреу, жұмақтан болсын мекенің апатай
жаксы
сөз жоқ тамаша
Фариза қыз, Фариза жан дара туған əттең-əттең артында ізін жалғастырар ұрпақ қалмады-ау
Бұл өлендер оте керемет
Ғашықпын ❤
Керемет өлең
o'te o'te tamas'a
Керемет тамаша өлең
Журектен отеды. Керемет
Керемет
Өте керемет