Он бес деген жасым-ай – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Он бес деген жасым-ай» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 4
  • 15158
Он бес деген жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыз деген жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасым-ай,
Қырымға да көз салған.
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елу деген жасым-ай.
Қайтып бір көшкен ел екен.
Алпыс деген жасыңыз,
Күзгі соққан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз,
Қап-қараңғы түн екен.
Сексен деген жасыңыз,
Қазулы тұрған көр екен.
Тоқсан деген жасыңда
Өлімнен басқа жоқ екен...


Пікірлер (4)

гулфина

Рахметт

Ринат

Өте өте керемет жазған рахмет гуглға салғаныңызға көп көп РаХмЕт

Зейнеп

Үлкен рахмет

темирлан

Керемет тамашлап жазган

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он бес деген жасым-ай өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Он бес деген жасым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он бес деген жасым-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он бес деген жасым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері