Өмірімнің бір сәті – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Өмірімнің бір сәті» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1126
Айда кейде көлге нұрын сеппейтін,
Болсадағы күлкің бал,
Мәңгі бақи есіңнен ег кетпейтін,
Өміріңде бір күн бар!

Көктем сазы құс үнімен тіл қатты,
Аққайыңдар сыр сақтар.
Өміріңде бәрінен де қымбатты,
Қайта оралмас бір сәт бар!

Құрлықтар мен мұңлықтардың арасын,
Құс қанатты жыр жалғар,
Кім жазады-ау жүрегіңнің жарасын,
Сені күткен бір жан бар!

Кең аспанның секілді бір тіреуі,
Тау жамылып таң нұрын.
Жымыңдаған сан жұлдыздың біреуі,
Бәлкім, сенің тағдырың!

Шыны ғұмыр сынса егер қалпына,
Келтіре алмас мың шебер.
Ғарыш жақтан сәуле тастап артына,
Жұлдыз тағдыр бір сөнер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірімнің бір сәті өлеңінің авторы кім?

Әскерхан Ақтай — осы өлеңнің авторы.

Өмірімнің бір сәті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірімнің бір сәті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әскерхан Ақтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірімнің бір сәті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері