Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан
Ақынның не амалы бар сырды ашқаннан.
Жұлдыз-ай жарық ойлы өлең жазам
Тұмшалап жан-жағыңды мұң басқаннан.
Сапарлас бірі — қайық, бірі — кеме
Тәңірдей басын иіп ұлы иеге.
Жұлдыздарым жанып тұр ғашық болып,
Көз тоймай, тіршілікке дүниеге.
Жұлдыздарым жанып тұр түнгі әлемнен,
Сақтай гөр О, Құдайым, бір бәлеңнен.
Жұлдыздай бір қарауға қолы тимес,
Биіктен, сонау көктен жырлағанмен.
Көп сенің беретінің бергеніңнен
Көп сенің, көретінің көргеніңнен.
Еңкейіп, жүре бермес бір көз салар,
Жұлдыздарым жана бер, сен көгімнен!
Көрерсің кеш батпаса Күндіз қалай,
Ой қамап тоңдырады түнгі ызғар-ай.
Аспанның биігінен жанса-дағы
Арманы мол, мұңы көп Жұлдыздар-ай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі