Сүмбе – жердің төресі – Нұрлан Оразалин

Бұл бетте «Сүмбе – жердің төресі» атты Нұрлан Оразалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1028
Сүмбе – жердің төресі,
туыстарым мұнда бар.
Жайдары, жайсаң ел осы,
ойың мен сөзің тыңдалар.
Нұрахметтің көзі деп,
нағашылар шығады.
Сыйлықтарын аямай,
қойныма әкеп тығады.
Темірбектей атам бар,
Есенбайдай жыршым бар.
Алған елден батам бар,
бұйырса, түбі жыр шыңдар...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері