Бұл бетте «Ертегідей ерте көктем» атты Нұрлан Оразалин жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ертегідей ерте көктем...
Анам мені еркелеткен,
Әкем маған тай мінгізіп,
хиялымды көркем еткен.
Ертегідей ерте көктем...
Әжем мені еркелеткен,
Атам маған аңыз айтып,
өмірімді ертегі еткен.
Ертегідей ерте көктем...
Жүрегімді өртеп өткен.
Тәңіртауды жырға бөлеп,
сезім қылын шертеді еппен...
Ертегідей ерте көктем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі