Мен даладан тілек іштей сұраймын –
Нұрлан Оразалин
Бұл бетте «Мен даладан тілек іштей сұраймын» атты Нұрлан Оразалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен даладан тілек іштей сұраймын,
тауға қарап, таусылып жыр құраймын.
Ақын болып жүруді шын қалаймын,
өлеңіндей өлең іздеп Абайдың.
Құлагердің шабысындай шабысты,
тау суының ағысындай ағысты,
азамат боп ер жетуді ойлаймын,
түбі соған бір жетемін, қоймаймын.
Жүрегімде – туған жердің гүл өңі,
аталар мен аналардың тілегі.
Асқары көп, арманы көп шақырар
туған елдің болсамшы бір түлегі...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі