Абай Құнанбайұлы (арнау)
Бұл бетте «Абай Құнанбайұлы (арнау)» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Артыңа із қалдырдың тозбай тұғын,
Жүректе жалын отын қозғайтұғын.
Рахмет,менің саған айтарым көп,
Соңында ұрпағың бар қолдайтұғын.
Үлгі етіп,еліктеймін бір өзіңе,
Сүйсінемін мейірімді мінезіңе.
Құлазып,мұңайғанда сені оқимын,
Қорыққанда панасың жүрегіме.
Көрмесемде дос болдым сеніменен,
Отырмын өзіңе арнап,төгіп өлең.
Сендей досты таппаспын бұл өмірде,
Өзіңді нағыз досқа тенеген ем.
Еске алмай мүлде сені тұра алмапсын,
Оқымай өлеңдеріңді жүре алмаспын
Абай бөлшегі жүрегімнің,
Басқаға мойнымды бұра алмаспын.
"Қара сөздер" қазынаң ба сарқылмаған,
Лағыл ма меруерт пе жарқылдаған.
Рухың жүр асқақтап арамызда,
Алтыннан да ардақтты нарқың маған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі