Күллі әлемді қаратқан
- 0
- 1
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Бұл бетте «Тәуелсіздік құрбандары сөйлейді» атты Нұрбол Құралов жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Абылай ханның асында,
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды!
Ақсамнан биік тау болмас,
Баурында қашқан күзен көрінбес.
Ертістен үлкен су болмас,
Аққанда беті білінбес.
Кәрілік шіркін не қылмас,
Аяғың қалар басылмай.
Қолыңа таяқ ұстатар,
Бүгілер белің жазылмай.
Арту-арту бел келсе,
Атан ерлер бүгіліп.
Алыстан қара, шаң көрсе,
Тұлпар шабар тігіліп.
Балалық он жасыңыз,
Балғын өскен құрақтай.
Жиырма деген жасыңыз,
Ағып жатқан бұлақтай.
Айдана
Керемет!!!
Myrza
Өте керемет!
Диёра
Оте керемет
Миразим фузаилов
Жаман емес
Миразим фузаилов
Ооооте
Расул Машрапов
Толық нұсқасы қайда