Табиғатым! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Табиғатым!» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1579
Мен жылап ем, көңілшек Тау жылаған.
Қайыңның да көз жасы тамшылаған.
Ай тұмсығын тығады қолтығыма,
Ал, қойнымда бұлттар бар маужыраған.

Қадірін жусан ұғар ала таңның,
қырға қарай өргізіп балапанын…
Мөлдіреп себелеген ақ жауынға,
Тал-шыбықтар жаяды алақанын.

Көтерілсе жиектен Күн қылаңдап,
Құс əніне билейді гүл бұраңдап.
Адасып Ертіс деген енесінен,
Құлынбұлақ жөнелді құлдыраңдап.

Тұман басып тобылғы Тау-шатқалын,
Жоғалуда жондағы жолсоқпағым.
Бүр атқан бүлдіргенге бұрылып ем,
Күнге созды əлжуаз саусақтарын.

Ғажаптарың көңілді алаңдатқан,
Саған тиер қайғылар, маған батқан.
Түрім менің аумайды адамдардан,
Ал, мінезім Табиғат саған тартқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғатым! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Табиғатым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғатым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табиғатым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері