Бұл бетте «Әке мен бала» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүгірді бала жалбаңдап,
Жұмыстан қайтқан әкеге,
Білді ме, қайдам, арқалап,
Бүгінгі істен шырайды
Келешегін әкеле
Жатқанын сол әкенің;
“Конфетіңді же”, – деп сұрайды;
Әке де босап деді “мін!”,
Иыққа ұлын қондырып,
– Қаларсың, көке, болдырып,
Түсейін, – деді баласы.
– Бес жылдың жүгін толтырып,
Қажыған жоқ иығым;
Көзімнің ағы-қарасы –
Көтерсем сені тынығам,
Отыра бер, – деді әке;
Бала бір кетті әндете.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі