Бұл бетте «Сәуле» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрем дәйім алтын сәуле,
Өңімде де, түсімде.
Ойдағы ма, қалай әлде?
Жүрем бақтың ішінде.
Бақтың іші тегіс жеміс,
Уылжыған бәрі де.
Ерке жаным еліктегіш,
Албыртады бәріне.
Термек болған, мен балдырған, –
Алманы да, өрікті.
Сол жеміске нәр алдырған
Сәнді сәуле көрікті.
Көрем дәйім алтын сәуле,
Қалың бақша ішінен.
Аялаған мені әуелден
Отан нұры ол, – түсінем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі