Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1318
(А.С. Пушкиннен)

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барады,
Мұңды жұлдыз бір жылт етіп қарады!
Сенің сәулең – нұрландырған даламды,
Күңгірт құз бен мүлгіп тұрған аралды.
Нәзік сәулең сонау көктен тіл қатты,
Ұйықтап қалған қиялымды оятты.
Сүйем сені! Сүйікті елдің кешінде
Шоқтай жайнап шығатының есімде.
Зәулім терек зеңгір көкпен таласқан,
Найқалады мирт, кипарис ағаштар,
Оңтүстіктің шуылдайтын толқыны,
Аралаушы ем тауын, сүйем мен соны.
Бергенде үйге түн пердесі түр өзге,
Ойға шомып қараушы едім теңізге,
Іздеуші еді сені жас қыз мұнарда,
Уа, дариға, сол дағы естен шығар ма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспанда ұшқан бұлт ыдырап барад өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері