Көкшетау – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Көкшетау» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2048
Көкшетау көк күмбездей төңкерілген,
Орманмен сексен көлі көмкерілген.
Аралы мұхит түздің теңдесі жоқ,
Ауысқан ертегіге ертегіден.
Қайың мен қоршауында қарағайдың –
Көлі бар көпті көрген Бурабайдың.
Үстінен Оқжетпестің байқасаң сен,
Осы көл көздей сыршыл, көктей айдын.
Шудасы қырықтықпен қырқылмаған –
Ақ бура осы көлден сусындаған.
Ботаның енді, әрине, боздауы жоқ,
Жел сипар орман шашын сусылдаған.
Көкшедей тау сұлуын көрмедім мен,
Төсіне еркесіндей өрледім мен.
Шот маңдай батыр құзға ұқсамақ боп,
Найза ғып қаламымды сермедім мен.
Батырлар паналаған үңгірлерді,
Ішіне кіріп барсам, дүңгірледі.
Аһ ұрған өкініштің отты селі,
Шықты ма жарып содан, кім біледі?!
Еліктеп сал Біржанға айқайладым,
Даусым жоқ, айтар әнді айта алмадым.
Көз салдым Сері-таудан жан-жағыма,
Қай жерде жатырсың деп майталманым?!
Хош болшы, көкейкесті Көкшетауым,
Қаланған шебер қолмен текше тауым.
Кеудемде сағыныштың сары бұлты,
Сорғалап көк сиядан құяр жауын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетау өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Көкшетау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшетау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшетау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері