О, Арман–ай
Бұл бетте «О, Арман–ай» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, арман-ай елесіңе арбалдым,
Шақырады таңғажәйіп таңдар мың
Ен далада жалғыз жортып түн қатам,
Менің бейбақ арманымды жалғар кім..
О, арман –ай қолым жетпес құзарсың,
Маңдайыма қандай сызық сызарсың.
О,жаратқан қиялыма қиял қос,
Көрген түсім өңге айналып ұзарсын.
Сертім бөлек, дертім бөлек дан едім,
Айтылмаған бір тамаша ән едім.
Уақытқа орап алып өртедім,
Тіршіліктің таусылмайтын әлегін…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі