Бұл бетте «Жұтылу» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаны мен тәні бөлінген,
Періште көрдім көгімнен.
Төсіне сіңді даланың,
Шуағы күннің төгілген.
Өмірге көптеп үңілмей,
Өрнексіз өтті күнім кей.
Аңырайды кеудем бейуақ,
Қобыздың қоңыр үніндей.
Сұмдығын түйіп сұрлана,
Мүлгіді мыстан сұм қала.
Жалаңаш жалпы сұлбаға,
Қарады мың көз ұрлана.
Төріндей болған тамұқтың,
Жалғаннан мынау жалықтым.
Тұншығып тұрды тұл ғалам,
Ғаламатындай ғаріптің.
Күндізден болып жарық түн,
Әлде кімді іздеп зарықтым.
Желбезегінен жыр ағып,
Қайраңда жатыр балық мұң.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі