Дәм туралы жыр – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Дәм туралы жыр» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2505
Бесбармақ – мың жасаған кәрі тамак,
Нәріндей табиғаттың дәрі тамақ.
Тізбектеп сүр қазыдан алка таққан
Сұлу ғой, сүйкімді ғой сары табақ.
Бүркіттің тырнағындай шанышқымен
Қартаны қос-қабаттап жаныштым мен.
Үстінде аталы астың сұқбат құрып,
Әр тілде әр жақсыменен табыстым мен.
Әр үйдің от басында мәңгі думан –
Еңбектің егізіндей дәмнен туған.
Желік бар қанымда ыстық шарапқа ұқсап
Тараған бесігімде сорпа-судан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері