Жаннаға! – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жаннаға!» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1070
«Ауырады жүрегім» дейсің, жаным,
Айтпасаң да түсіңнен кейпің мәлім.
Әкеңнің де сыздайды ет-жүрегі,
Ұлиды іші, мұздайды, текке үреді.
Емес сендей, біздің діл не көрмеген?
Жараланған түздік құл мергендерден!
Жүз жараға шыдаған ірі жүрек
Кейпіңе еріп барады тірі жүдеп.
Қалған қанын төгер ем болса дәрі,
Қуармастай бөбегім ендігәрі.
Өрісімде көгерген жалғыз шыбық,
Қос жүректен гүл жарса аңдыз шығып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаннаға! өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жаннаға! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаннаға! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаннаға! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері