Бұл бетте «О бастан-ақ тазалыққа құмарттым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.04.2019
0
0
6077
О бастан-ақ тазалыққа құмарттым.
Құмарттым да жүрегіме жүк арттым.
Тамған сия,
Жұққан кірді өшіріп,
Дәптерімнің парақтарын жұқарттым.
О бастан-ақ тазалыққа құмарттым.
Құмарттым да жүрегіме жүк арттым.
Кетірем деп жұққан кірді жаныма,
Жүйкемді де,
Ғұмырды да жұқарттым!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі