Бұл бетте «Жұлдыздардай көктегі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.04.2019
0
0
3073
Жұлдыздардай көктегі
Бірте-бірте азайып,
Өте шықты көктемім,
Өте шықты жаз айы.
Ауа бесті қымыздай,
Қымызға мас атырап.
Жеміс-жырға уыздай
Зер боп қонды жапырақ.
Сөйлеп қыстың тілімен,
Қарттық құшақ жаяды.
Жаңбыр жауып түнімен,
Қарға айналды аяғы...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі