Офицер – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Офицер» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1603
Бауыржан Момышұлына

Панфиловтың офицері –
Момышұлы Бауыржан.
Солдаттың бар қайғы-шері
Қабағынан танылған.
Ата әдетпен дейміз, «Бәуке»,
Біз – дәуірдің жаршысы.
Сіз бір сақа түскен тәйке,
Бұйырмастан алшысы!
Офицері – Сіз намыстың,
Сөйлеу керек абайлап.
Мен сыршылы толғаныстың,
Әркімге қарар бажайлап!
Қол жетпеске пенде ғашық,
Батыр – маған кейіпкер.
Жарар менше салса машық,
Ерген сізге серіктер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Офицер өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Офицер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Офицер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Офицер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері