Күшік – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Күшік» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1473
«Бұлт аумайды» - десе де,
Жаңбыр жауды кеше де.
Келе жатты бір күшік,
Жалғыз өзі көшеде.

Қожайын ба ақырып?
Қойған мұңға батырып.
Бердім оған добымды,
Күшігім деп шақырып.

Көзінен күн көрінді.
Жалғыз емес ол енді.
Мен осылай дос таптым,
Сенімді, әрі көңілді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері