Кім болмақ? – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Кім болмақ?» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1163
Болса күннің жарығы,
Ағаштың бар тамыры.
Самғау үшін қағатын
Құстардың бар қанаты.

Көл – аспанның айнасы,
Өзеннің бар арнасы.
Тұлпардың бар тұяғы,
Ойдың ұшқыр қиялы.

Бар ауланың шарбағы,
Тастың да бар салмағы.
Шатыры бар үйіңнің,
Тыңда сөздің түйінін:

Қыс, көктем, жаз, күзі бар,
Өтер айлар, күн зырлап.
Түгі жоқ ел қызығар,
Жалқау бала кім болмақ?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері