Офицер – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Офицер» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1642
Бауыржан Момышұлына

Панфиловтың офицері –
Момышұлы Бауыржан.
Солдаттың бар қайғы-шері
Қабағынан танылған.
Ата әдетпен дейміз, «Бәуке»,
Біз – дәуірдің жаршысы.
Сіз бір сақа түскен тәйке,
Бұйырмастан алшысы!
Офицері – Сіз намыстың,
Сөйлеу керек абайлап.
Мен сыршылы толғаныстың,
Әркімге қарар бажайлап!
Қол жетпеске пенде ғашық,
Батыр – маған кейіпкер.
Жарар менше салса машық,
Ерген сізге серіктер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері