Жиендік – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жиендік» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1635
Нағашым менің – сырқынды қара сөз,
Өлең менің – ұрыншақ жиенім.
Жарапазаншыдай болмаса ез,
Ақындық еркелікті мен сүйемін!
Етсін еркелеп, маған базына,
Бейілдің базарын мен түсінем.
Тонамасын тек жиенім қазына,
Қалыспау үшін өзіңдей кісіден!
Сейфті ашар саусақпен баукеспе,
Аттың кісенін сындырып жатпайды.
Біреулер оны зымиян жау десе,
Біреулер айғақ таппай, ақтайды!
Жиенім, оларға өзің жолама,
Сен ал сыбаға менің тойымда.
Көгертіп көзін бейне долана,
Зымиянды жұрт көзінше сойылда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиендік өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жиендік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиендік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиендік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері