Кенже – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Кенже» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 906
Сарғайған сағыныштан, Рауаным,
Ұйқысыз атты талай арай таңым.
Туған ең атқанда таң рауандап,
Атыңды қойдым содақ, ұқшы, жаным!
Ежелден желсөз маған сирек серік,
Арзанға шертуге сыр аузым берік.
Көкейдің осал жері біреу ғана,
Жүрегім сені ойласам кетеді еріп.
Әлемнің бар мейрімі жүрегіме,
Сыйса егер, берер едім түлегіме.
Бақыт жоқ маңдайында адам болмас,
Білмен тек он елі ме, бір елі ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері