Қызық екен бала күннің арманы – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Қызық екен бала күннің арманы» атты Келіс Рахымжанов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1665
Қызық екен бала күннің арманы
Қисынды екен сан қиырға салғаны.
Ауыл жаққа тартады ылғи содан да
Тіршіліктің тарам-тарам жолдары.

Жолыққанда тумысыңды көрмеген
Айтқаныңа қаперін де бермеген.
Қайдан білсін топырағыңның қадірін
Көрейін деп ауылыңа келмеген.

Сүймеген жан сағынуды білмейді.
Сұлулықты солып қалар гүл дейді.
Келешекті ойламайтын адамның
Ауыл деген түсіне де кірмейді.

Білместікті кешу қиын жылатқан
Солар үшін бір мейірім сұратқан.
Туған жердің ағып жатқан қойнында
Татсаң болды қайнары мол бұлақтан.

Мұнда бәрі табиғи да тап-таза
Мұндағы өмір қас-қағым бір сәт қана.
Жарияға жар салсаң да жетті деп
Туған жерін ұмытқанды мақтама.

Бақытсыз ғой сүймегендер ауылын
Жүрегі жоқ, жылуы әлсіз жанының.
Отсыз жандар отаным деп сайраған
Қайдан білсін туған жердің қадірін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық екен бала күннің арманы өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Қызық екен бала күннің арманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық екен бала күннің арманы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қызық екен бала күннің арманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері