Өткізіп оймен ай-күнді – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Өткізіп оймен ай-күнді» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 731
Өткізіп оймен ай-күнді
Жасырып ішке қайғымды.
Езілед жаным еске алып
Елдегі туған баурымды.

Қара жер тартып кетердей
Басымды жерден көтермей.
Қозғалсам болды сұм ажал
Артымнан қуып жетердей.

Күбір де күбір маңайым
Ақ селеу болды самайым.
Езілмей есті жиып ап
Жігерге қолқа салайын.

Сатпадым елге сөзімді
Шындықпен аштым көзімді.
Аялап келем әйтеуір
Аяулы достар өзіңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткізіп оймен ай-күнді өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Өткізіп оймен ай-күнді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткізіп оймен ай-күнді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Келіс Рахымжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткізіп оймен ай-күнді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері