Кәрілік туралы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Кәрілік туралы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7169
Кәрілік қонақ екен «жүр!» демейтін,
Мүшеңді сылып, кеміріп үндемейтін.
Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы -
Тобына қыз - бозбала кір демейтін.
Ағайын тату, бірін - бірі тілдемесе,
Қарттар жақсы, жас ерлігін күндемесе.
Үлкенге ел қыдыру ұяттырақ,
Жас сыйлап, «Қымызға үйге кір!» демесе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері