Қала көрмеген ағама хат – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Қала көрмеген ағама хат» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1255
Аман ба ауылдағы ағайындар,
Аман ба атқамінер бағалы ұлдар?!
Аман ба аталарым, әжелерім,
Беттерін - әжім басқан, самайын - қар?!

Аман ба бала-шаға – уаймы жоқ,
Аман ба әкім-қара – айыбы көп?!
Қазақтың тілейтіні – жан саулығы,
Болмаса, қу дүниенің қайыры жоқ.

Қоңыр тірлік, қараша үй, қараша ауыл,
Төзіп жүрген кәріне қарашаның.
Қайран әжем, жөнелтіп қара шалын,
Жалғыз ішіп қалды ма қара шәйін?

Қала десе ат тонын ала қашар,
Ауыл жақтан келмей жүр хабар-ошар,
Далада еркін өскен есіл ағам,
Сіздіңше ауыл-жақсы, қала-нашар.

Соқпай кетті, ә ауылға «Ауыл жылы»?!
Азаймады тірліктің ауыр жүгі.
Ұялы телефон да ұстамайды,
Керек емес ешкімге қауым мұңы.

Жаһандану Рухымды қанап тынған,
Бұл «майданда» тағы да қазақ құрбан.
Мен де жаңа ғасырдың ұрпағымын -
Болашаққа балконнан қарап тұрған.

Аға, солай өтуде даңғаза күн,
Арасында алқызыл жарнаманың.
Батысқа бет түзеген көшімізді,
Шығысқа қайтаруға бар ма амалың?

Иманынан барады жұрт тоналып,
(Кетер ме еді шіркін-ай, күрт тазарып!)
«Алдымен ел болуды ойлайық» - деп,
Ашынушы ең ащы су ұрттап алып.

Біздікі сол - бетон үй, кеңсе, қала,
Көресің ғой барлығын келсең, аға.
Мен де ауылды сағындым,
Барам, бірақ -
Бастық жазда демалыс берсе ғана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала көрмеген ағама хат өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Қала көрмеген ағама хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала көрмеген ағама хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала көрмеген ағама хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері