Алаш жұрты – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Алаш жұрты» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2389
Азуын айға білеген,
Төбесі көкті тіреген,
Қарсы да келген хас жауын,
Ақ семсерімен іреген –
Айбарлы жұртым Алашым.
Кеудесі тұнған жыр-өлең,
Алладан рахым тілеген,
Тамыры терең жайылған,
Өзегі мықты бір емен –
Айдарлы жұртым Алашым.

Атырау – Алтай арасын,
Жетісу – Арқа даласын,
Найзаның қорғап ұшымен,
Жерұйық жердің саясын –
Жайлаған жұртым Алашым.
Заманмен тауып жарасым,
Төмендетпеген бағасын,
Қанаты кеңге жайылып,
Қырандай бейне тау асып –
Самғаған жұртым Алашым.

Қастерлі Атамекенім,
Қатерлі еді-ау кешегің.
Азаттығыңды айғақтап,
Түнектің түрдің етегін –
Арналы жұртым Алашым.
Еңсеңді тіктеп, көтеріл,
Елім деп өтсін өсер ұл,
Бабадан қалған мұраның,
Қасиетіне жете біл –
Ордалы жұртым Алашым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаш жұрты өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Алаш жұрты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаш жұрты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаш жұрты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері