Тойдағы тілек – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Тойдағы тілек» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Құлшынып келешекке құлаш ұрған,
Бүгінгі қуанышты сұра Сырдан:
Той бүгін, бір ұлының бақыт тауып,
Бақтардай көктемдегі гүлі ашылған.
Сұлу Сыр, кетпес, сірә, бұл есіңнен,
Арнада көңіл шіркін бір есілген;
Ақтарды ел ата-анаға ақ тілегін,
Мәпелеп қыз өсірген, ұл өсірген.
Құттықтап сүйкімді қыз, сүйікті ұлды,
Аспан да аппақ нұрын құйып тұрды.
Ағарған сүттей болып ақ пейілден, –
Кім көрген мұндай мақпал тұнық түнді.
Достардың жаны – жайлау, тай – астында,
Той қызып, қалқып жүрміз ай астында.
Ер көңіл мерейі өсіп жігіттің де,
Жайнаған жаны гүлдей аяштың да.
Би қалқып, ән шарықтап, жыр қызғанда,
Құмартып түнгі аспан да ұл-қыздарға;
Қондырып ай – қарбызын дастарқанға,
Шашылды бауырсақ боп жұлдыздар да.
Сүйсініп ақ көңіл мен пәк санаға,
Марқайған жарқын жеңгей, жақсы аға да;
Қос Сырдың қосыла аққан арнасында,
Шарқ ұрған көңіліміз – ақ шағала.
Достықтың гүлі жайнап жүрегімде,
Ақтарылды менің ақ тілегім де.
Шығандап, шырқап көкке көңіл шіркін,
Бір қызық той боп жатты Сыр елінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойдағы тілек өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Тойдағы тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойдағы тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойдағы тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері