О, өлең! Көкейімде сен менің көп түнедің
Бұл бетте «О, өлең! Көкейімде сен менің көп түнедің» атты Тортай Сәдуақас жазған поэзия туралы өлең берілген.
О, өлең! Көкейімде сен менің көп түнедің,
Көңілімнен көгершін боп түледің.
Мен өзіңді самғаған ел көгінде, –
Махаббатымның кептері деп білемін.
О, өлең! Жай оғындай от едің, өткір едің,
Жарқылыңмен жайнатқан көк кілемін.
Нұр төгіліп, ақ нөсер құйған шақта,
Жанымды шарпып сенің өтті лебің.
О, өлең! Көңілімнің көк терек, көп тіні едің,
Көктемеде шуаққа өптіремін,
Жас жүрегім өзің деп соқты менің!
Көк терегім, көгеріп көк тірегін!
Көркейіп өс, баққа айнал – көп тілегім!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі