«Жабайы Роза». Қара сиыр

Бұл бетте ««Жабайы Роза». Қара сиыр» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1113
Кешқұрым мезгіл. Сиырын сауып
Болған соң, көне киімін қағып -
Үйге енді әжей, мал қора жаққа
Бұрылып, көздің қиығын салып.

Шалы отыр төрде - түр-түсі семген,
Жүретін ылғи қырқысып елмен.
Келіні болса - кенже баласын,
Жұбата алмай жүр, ұйықысы келген.

Шүйілтіп қалың қабағын ана,
Күңк етті оған - баланы қара!
–Теледидарды қосыңдар кәне,
Басталып кетті «Жабайы Роза!»

–Бейшара қыздың бағы жанбады...
Деп, кемпір жайды тағы болжады.
Әдеттегідей, бір кезде сөніп,
Ауылдың таңға шамы болмады.

–Тауысып ішіп қалған арақты,
Өкіметке айтып бар жаманатты,
Көсіліп сөйлеп, көсемси бермей,
Бір қарап қайтшы мал қора жақты.

Деді де кемпір, ауыр күрсінді,
Мазалап бір ой жанын біртүрлі.
Шал болса қамсыз шалқайып жатты,
Қарсы алды солай ауыл бұл түнді.

Далада иттер жарыса үріп,
Сала бастады тағыша бүлік.
Тағы да кімдер нені бүлдірді,
Әлдекімдердің тауы шағылып?..

Көрініп күннің сұлбасы жаңа,
Шал ерте тұрды - тұлғасы дара.
...Қорада тұрған қара сиырдың,
Қалыпты ала бұйдасы ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Жабайы Роза». Қара сиыр өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

«Жабайы Роза». Қара сиыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Жабайы Роза». Қара сиыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Жабайы Роза». Қара сиыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар