Білімге сапар

Бұл бетте «Білімге сапар» атты Әли Ысқабаев жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жадырап атты таң күліп,
Ұйқымды алғам қандырып.
Қоңырау үнін ести сап,
Мектепке тарттым сән құрып.

Өзімше мен де батылмын,
Ұясын іздеп ақылдың,
Арқамда сөмке, қолда гүл,
Мектепке келе жатырмын.

Мектепке қадам басамын,
Шашу ғып гүлді шашамын.
Партаға алғаш отырып,
Білімнің кілтін ашамын.

Өмірге жарқын ұмтылып,
Жүрегім толқып, бұлқынып,
Ата-анам қалар қуанып,
Жайнасам гүлдей құлпырып.

Басталды сапар білімге,
Ынта да басым ілімге.
«Оқыңдар жақсы!» дегендей,
Қарайды күліп Күнім де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білімге сапар өлеңінің авторы кім?

Әли Ысқабаев — осы өлеңнің авторы.

Білімге сапар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білімге сапар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Білімге сапар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері