Қыспақ – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Қыспақ» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1182
Кім ұға алар тірліктің қу баянын?
Уақыт та дес бермейді судай ағын.
Отырам оңашада ойға батып,
Ыңылдап ақ әжемнің угәй-әнін...
Ұлғайған соң заманның зар-наласы,
Құнсызданып барады ар бағасы.
Ауылға безіп кеткім кеп тұрады,
Қажытқанда қаланың қарбаласы.
Иманға ұйып, дәретпен Құран ұстап,
Жүрмеген соң -
Сананы тұман ыстап,
«Күнде жиын, күнде той» болып кетті,
Мешітке баратын жол тым алыстап...
Оң жағымнан «аждаһа» арбағандай,
Сол жағымнан «нән аю» жалмағандай,
Қыспаққа алған кеселден қорғана алмай,
Қарекетсіз қалғаным... қозғала алмай.
Түстім де даңғазаның ортасына,
Алдандым жұрттың арзан қолпашына.
...Қанатын жая алмай жүр қайран өмір,
Тығылып қабатты үйдің қалқасына.
Кім ұға алар тірліктің қу баянын?
Уақыт та дес бермейді-ау судай ағын.
Отырмын оңашада тағы ойланып,
Ыңылдап ақ әжемнің угәй-әнін....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыспақ өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Қыспақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыспақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыспақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері