Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер

Бұл бетте «Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3831
Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер.
Пайғамбарды менсінбейді менмендер.
Қай кезде де көлегейлеп күнді бұлт,
Қай кезде де үрген пілге қандендер.
Жабыменен қатар жүрсе жорғалар,
Жүрісінен жаңылар һәм қор болар.
Сұңқарларға сықылықтап сауысқан,
Сандуғашты естіртпейді қарғалар.
Елге батар ердің азап шеккені.
Аз ба ақынның ауыр ойдан шөккені!
Судай жаңа өтіріктің бешпеті,
Ал шындықтың жыртық-жыртық шекпені!
Бәйге тимей қартаяды тарланың.
Бұдан асқан өкініш пен бар ма мұң?!
Тұз болғаның кімге керек!
Жай тұзға
Көзір алты шығарады бармағын!
Тағдыр-желге төтеп бермей бал құрақ,
Боркеміктің кетер мойны салбырап,
Әр нәрсені өз орнына қоятын
Ертең деген бір құдірет бар бірақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері