Нәресте көтерген мас қазақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Нәресте көтерген мас қазақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 897
Құртардай боп менi астына басты азап, –
Илегендей жанды бiреу тасқа сап, –
О, құдай-ай! –
Нәрестенi көтерiп
қөшеменен келе жатыр мас қазақ.
Дәл осы сәт –
мұнар болды нұр таңым.
дәл осы сәт –
шайқалып-ақ тұр тағым.
Күйзеледi,
күйiнедi жан-жүрек –
мас құшақта келе жатыр ұрпағым.
Ашу менен ыза буып сiлкiнем!
сiлкiнем де өз-өзiмнен iркiлем...
Бара жатыр,
бара жатыр нәресте –
Сол құшақтың иiсiн жұтып мүңкiген!
Түсердейсiң дәл осы сәт пышаққа,
түсердеймiн дәл осы сәт тұзаққа.
Бара жатыр,
бара жатыр нәресте –
өзi де нас
сөзi де нас, құшақта.
Мұның өзi болмай тұр-ау аз қайғы.
Сол қайғы кеп ар, намысты қозғайды.
Тәлтiректеп кетсе әкесi,
құшақтап
бала-сорлы ұшып кете жаздайды!..
Дәл осы сәт –
сөз емеспiн жұрнақпын.
Дәл осы сәт –
күйзелiстен құм қаптым.
Қалай берiк бола алмақшы ертеңi
тiрегi мен тұғыры мас ұрпақтың.
Осы бiр ой тұла бойды өртедi.
Оталғандай болды үмiттiң ертеңi.
Нас құшақта өскен сол бiр ұрпақтың
қалай таза бола алмақшы ертеңi.
Дәл осы сәт –
мұнарт болды нұр таңым.
Дәл осы сәт –
шайқалып-ақ тұр тағым.
Қараңдаршы,
қараңдаршы, Қазақтар! –
мас құшақта бара жатыр ұрпағың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәресте көтерген мас қазақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Нәресте көтерген мас қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәресте көтерген мас қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәресте көтерген мас қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері