Қызғаныш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қызғаныш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 728
Қашан көрсең де
Су тиген қарақұрттай
Бүрiсiп тұрады.
Зұлымдық ойлаған,
Мыстан кемпiрдей
Тырысып тұрады.
Өзi алтын табақпен
Ас iшiп отырып
Сенiң
Күмiс қасығыңды
Көре алмайды.
Көне алмайды!
Шаттансаң –
Тасқа түскен
Шыныдай быт-шыт боп
Шашылып қалардай болады.
Мақтансаң –
Тұрған жерiнде
Асылып қалардай болады.
Айналаға зәрiн құйып
Былғап жатыр.
Iшiне мысық кiрiп –
Мияулап! –
Тырнап жатыр.
Қызғаныштың уы
Жатқызбайды, –
Кешiн батырып,
Таңын атқызбайды.
Биiкке шықсаң –
Қан жауатын бұлттай! –
Түйiлiп қалады.
Күйiкке батсаң –
Бұл дүниеде көрмеген
Рахатқа кiрiп –
Сүйiнiп қалады.
Жүретiн жерiңе
Тiкен төсеп,
Отыратын жерiңе
Шоқ төсеп
Тастағысы келедi.
Әйтеуiр бiр сұмдықты
Бастағысы келедi.
Қуанышыңда да –
Жыландай! –
Ысқырып тұрады.
Құшақтап тұрып –
Бүйiрiңе! –
Бiз сұғып тұрады.
Осы бiр жан
Дүниеге жат сияқты,
Iшiне
Бәле-жаланы
Толтырып алған
Екi аяқты
Қап сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаныш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қызғаныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері