Сары күз – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Сары күз» атты Алмат Исәділ жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1863
Сарытаудың етегінде сары күз,
Сарыала қаз салды аспанға тағыда із...
Сағынышпен еске аламын сені әлі,
Сары бала ғашық болған сары қыз.
Өзің едің сүйкімді қыз – бұрымдым,
Бағын ашқан менің ақындығымның.
Ең алғашқы оқырманы сен болдың,
Ең алғашқы жазған балаң жырымның.
Арманымды жасап алып лағылдан,
Көшке ілестім қала жаққа ағылған.
Қайқы бел қыз – қолың бұлғап қалып ең,
Қайқыны асып кеткенімде ауылдан.
Махабббаттан баз кешкендей зар илеп,
Бірде дана, бірде бала – сәби боп.
Сенен алыс жүрдім алып шаhарда,
Есенин боп, бірде Мұқағали боп.
Тағдырменен тайталасып, алыстық,
Ақынбыз деп лапылдадық, зәр іштік.
Бірақ маған сол баяғы – бейкүнә,
Сары қыз бен сары бала әлі ыстық.
...Сарытаудың етегінде сары күз,
Сары күзге ұқсаймыз-ау бәріміз.
Мезгілдерге міз бақпай тұр тек қана,
Аспантаудың басындағы кәрі мұз.
Басқа арнадан табылды да бағымыз,
Бірте-бірте алыстады жанымыз.
...Ауылымнан тағы да ұзап барамын,
Мойын бұрып, бір сәт артқа қарадым:
Қолын бұлғап тұр ма екен деп сары қыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары күз өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Сары күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сары күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сары күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері