Бұл бетте «Қырымда кездескен қазақтар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.04.2019
0
0
3653
Қарауылбекке
Қырым жұрттың барлығына төр бөліп,
Күн күлімдеп,
Теңіз жатты тербеліп.
Бір жасады,
Мың жасады келгендер
Суға түсіп,
Құмға қызып,
Жер көріп.
Көп екен ғой,
Көп екен ғой ғажаптар.
Жомарт өзін сақилықпен азаптар.
Қырымда да бірін-бірі қонақ қып,
Туған жерге шаршап қайтты қазақтар.
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі