Салқын өлең

Бұл бетте «Салқын өлең» атты Алмат Исәділ жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1463
Салқын үй. Салқын сәлем. Салқын жеңгем –
Сақина, сырғалары алтын зерден.
Қабағы қыз күнінен ашылмайды-ау,
Қашан да дәл осындай қалпын көргем.
Үйдегі ерке-тотай, «жаман бала»,
Ойынын да бөлмеді маған бола.
Осында ара-тұра келген сайын,
Жылы қабақ танытар ағам ғана...
Салқын шәй. Салқын сөздер. Салқын қабақ,
Бірімізге біріміз мәнсіз қарап...
Өтірік күліп қоям балақайға,
Әйтпесе, отырмын ғой жан сыздап-ақ.
Күйінді ағам: «- Бұл неткен салқын қоғам,
Айналаңның барлығы арсыз, надан.
Қарыздардың үстіне қарыз жамап,
Қыспағына алды ғой, нарқың жаман...»
Далада күз. Ауда салқын сыз бар...
Еске түсті балалық, жарқын жылдар.
Мен де ойландым: Құдай-ау, нендей зауал,
Адамның ниеті мен парқын бұзған?
Салқын ғана қоштасу. Салқын құшақ.
Әйтеуір жүректе ылғи болсын нысап.
Санамда салқын сұрақ сапырылды,
Теңселген бір тынымсыз толқынға ұқсап.
Жалған өмір – қарбалас. Алда – сын көп,
Мұңды ойлар еңсеңді езер қорғасын боп.
...Қымтанып кетіп барам, көше бойлап,
Тағы да салқын тиіп қалмасын деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салқын өлең өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Салқын өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салқын өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Салқын өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері