Менің термем – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Менің термем» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.12.2020
  • 0
  • 1
  • 719
Жүрегім, сөйле, сайра, тіл,
Өнерің қазір сында тұр.
Қолқалап сені әлеумет,
Алқалап келіп тұрғасын,
Сөйлегенде тіл мен жақ
Жаңылмасын, тынбасын.
Алдында біраз толғайын
Жырымды халық тыңдасын.
Зейін сал бұған, замандас,
Айтты деп біздей құрдасың.
Сөз дегенің – атқан оқ,
Жай отындай бір жасын.
Даудың басы – қызыл тіл,
Тіліңнен жел сөз озбасын.
Пәлеге ол қалдырар
Аңдамаған ер басын.
Налысаң тауың шағылып,
Тәуекелің сынбасын.
Жабыққанда көңілің
Жаныңа жақын сырласың,
Бойыңды билеп балқытар
Бейне бір сынды қорғасын.
Өнердің де асылы
Оздырған топта жорғасын.
Тентекті түзер айласы
Есіне салып тәубасын.
Басыңа қатер төнгенде
Болса егер жолдасың,
Ажалдан да құтқарар
Келтіре білсең ымырасын.
***
Сәлем, Каспий, аққуларын тербеген,
Толқындары қуаласқан желменен.
Бір ғажабың – қанша дауыл соқса да
Лайланбайды тасып тұрған өр денең.
Құмарлықпен тамсанудан саған бір
Жауланғаны соншалықты санамның.
Осынау бір қасиетті сендегі
Кейде іздеймін мінезінен адамның.


Пікірлер (1)

күшті

КУШТИ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің термем өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Менің термем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің термем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің термем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері