Не тілер айырбасқа келер бір бақ – Қалау Сәлеметбайұлы

Бұл бетте «Не тілер айырбасқа келер бір бақ» атты Қалау Сәлеметбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.12.2020
  • 0
  • 0
  • 723
(Жарым Жансаяға)

Не тілер айырбасқа келер бір бақ,
Сендей ерке тағдырға көнем, бірақ...
Қиналам кейде күрек ұстай алмай,
Байласа саусағымды өлең шырмап.
Жетер маған сенің бар сыйлағаның,
Үй суық болғанымен мида жалын...
Көкірегімде қалған бір бос әлемді,
Ұлымның үні тербеп қиналамын...
Қап-қара қар жауғызсам нала-мұңнан,
Қарғалдақты көремін қабағыңнан.
Етігім тесілгенде мәз боласың,
Жер – анам иіскеді деп табаныңнан.
Қара тұяқ кетіліп ақ шағылда,
Жүрсе де, айтшы, жырдан ақсадым ба?
Ақ жаулығын тосасың тұмсығыма,
Анам жайлы түс көріп жатқанымда.
Құйып ап қиялына қорғасынды,
Қосағың бұл қоғамға зорға сіңді.
Түсіме енген қыз десем,
Сен екенсің
Түндерде сүріп жүген көз жасымды...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері