Бұл бетте «Елеңдей бермен әрнеге» атты Қалау Сәлеметбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елеңдей бермен әрнеге,
Өтеді өмір ақырын.
Аспанда жүзген ай – кеме,
Кеудеме тастар зәкірін!
Тереземнен табылып,
Қоймады бұл қыс жылауын.
«Жыр жазып бер!» – деп жалынып,
Тосады парақ – қырауын.
Шаттық шайымен іштім бе,
Қант деп өмір қырсығын?
Түсінер мені қыста үйге
Қамалып қалған бір шыбын.
Тұрып бір қалған тісіме,
Күлкіні сорып күнөлтем.
Тығылып қалды ішіме,
Жалғызым менің – көлеңкем!
Бұл да бір болса бақыт та,
Ақынға тұрған жарасып.
Жол таба алмай уақыт та,
Кеудемде жүрер адасып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі