Дүниенің мынау кеңдігін
Бұл бетте «Дүниенің мынау кеңдігін» атты Қалау Сәлеметбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүниенің мынау кеңдігін,
Көрермін соңғы кешімде.
Ұйқыда жатыр өмірім,
Өлімді көріп түсінде...
Шалынып менің тіліме,
Жығылды шаттық, білемін.
Мағынасыздық жібіне,
Маржандарымды тіземін.
Далаң кең еді,
Далақтап
шаптың ғой
Іздер енді кім?
Іріңді ай – тілі салақтап,
Сүйеніп тауға өлді түн.
«Өмірге рас келдім» – деп,
Әлдене күттің, бірақта...
Безгегі ұстап безілдеп,
Селкілдеп жатыр сағат та.
Күнімді көріп өзімнің,
Жыбырлаймын ғой баяғы.
Өзегіне сөзімнің,
Түспесем құрт боп жарады...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі